Дойбыдан топаралық жарыс өтті

(0 Votes)

Шортанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 64 шаршылы дойбыдан үлкен деңгейде топаралық жарыс ұйымдастырылды.

Оған бірнеше дойбышылар қатысып, бақтарын сынады. Қызықты да, тартысты ойын болды. Шаршы тақта бетінде әр жүрсін сана таразысына сала салмақтап, қарсыласының  тосын қимылын өз пайдасына шешуді ойлаған дойбышылар жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Әрине, жарыс болған соң онда бағы жанатындар да бар.

Жеңімпаздарға түрлі дәрежедегі дипломдар табысталды. Сонымен қатар, Шортанбай спорт мектебінің басшысы Ғ.Өтепов үздіктерді арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT