Диас Сұлтанов Атырау облысының дзюдо Федерациясының Президенті қызметіне тағайындалды

(0 Votes)

Құрманғазы Мәдениет үйінде Атырау облыстық дзюдо Федерациясының кезектен тыс отырысы болып өтті.

Отырыс барысында осы уақытқа дейін Федерация Президенті қызметін атқарған Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлы басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босату жөнінде өтініш білдірді.

2021-2022 жылдар қорытындысы бойынша дзюдо күресінен халықаралық деңгейдегі жарыстарға, республикалық, облыстық турнирлерге қатысып, байрақты бәсекелерде спортшылар бірқатар жетістіктерге жетіп, Қазақстанның көк байрағын көкке желбіретуге өз үлестерін қосты. Осы атқарған жұмысын ескере отыра оған Федерацияның Құрметті Президенті атағы берілді.

Султанов Диас Бауыржанұлы Атырау облысының дзюдо Федерациясының Президенті қызметіне тағайындалды.

Өз кезегінде жаңа қызметке тағайындалған басшы Султанов Диас Бауыржанұлы барлық жаттықтырушыларға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, Атырау қаласында өткізілетін жарыстарды жоғары деңгейде өткізілуін қадағалауды тапсырып, спортшыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, алдағы уақытта жоспар бойынша өткізілетін жарыстарды және осы спорт түрін Атырау облысында дәрежесін көтеру мәселесі жөнінде тілектер мен ұсыныстарды күн тәртібіне кіргізу керек екендігін айтты. 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521