Дана Әбдірова – ел үздігі!

(0 Votes)

Жастар арасында дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дана Әбдірова тағы да тамаша жетістікке қол жеткізді. 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен талантты спортшы еліміздің үздігі атанып, жоғары нәтиже көрсетті.

Байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүрген Дана – табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында үлкен жетістікке жеткен жас спортшылардың бірі. Оның әр жеңісінде ұзақ жылдық еңбектің, қажыр мен сенімнің ізі бар.

Дарынды спортшының жеңіс жолында лайықты үлес қосып жүрген — жеке жаттықтырушысы Жасұлан Зинуллаев. Ол шәкіртін шыңдап, халықаралық аренада биік белестерге жетелеуде үлкен еңбек сіңіріп келеді.

Дана Әбдірова – қазақ спортының жарқын болашағы, жас буынға үлгі болар чемпион!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT