Чемпионды қарсы алды

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы және мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен жеңімпаз жас спортшыларымызды қарсы алу іс –шарасы өткізілді.

2024 жылдың сәуір айының 8-14 күндері аралығында Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылды.

Оған қатысқан осы мектептің шәкірті Амантай Мансур 70 келі салмақта І орын алып, алтын медаль олжалады.

Ал, 33 келі салмақтағы Елеусін Нұржасар тартысты өнер көрсеткенімен, қарсыласы сәл басым түсті. Алдағы уақытта Нұржасардың жоғарғы белестерді бағындыратындығына сенеміз!

Іс-шара кезінде мектеп басшылығы құттықтау сөздерін айтып, жеңімпаз оқушыларға және ата-аналарына Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Бокстан жаттықтырушы Тұрарбек Уахитовке сөз беріліп, ол өзінің ізгі тілегін айтты. Соңында жас спортшының ата-анасы, әжесі сөз сөйлеп ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521