Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының кубогі үшін ересектер арасында таэквондодан чемпионат өткізілді.
Жарысқа барлық облыстардан келген спортшылар қатынасты. Додаға ауданымыздан төрт спортшымыз барған болатын. Солардың ішінде 54кг салмақ дәрежесінде Б.Нұрбаев жүлделі 1-орынды иеленді. Жеңімпазымызды жарысқа дайындаған жасөспірімдер арасындағы облыстық дәрежедегі аға-жаттықтырушы Е.Алагөзов және аудандық БЖСМ жаттықтырушы Р.Аманғалиев. Жерлесіміздің осындай жеңіске жеткеніне қуаныштымыз. Алға қарайда биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!
Тілекші МЕРТАЙҚЫЗЫ.