?Ауданымызда шайбаллы хоккей ойыны қарқынды дамып келеді. Жастардың қызығушылығы бұл спорт түріне күн өткен сайын артуда.
?Қыстың қолайлы күнін салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында дене шыңықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 29 қаңтар күні хоккейлі шайбадан жарыс өтті.
?Жарысқа мектеп түлектері мен оқушылары, ата- аналар және ұстаздар командалары қатысты. Ойын тартысты өтті.
?Нәтижесінде ұстаздар командасы І орын, ата-аналар командасы ІІ орынды, ал оқушылар мен түлектер командасы ІІІ орынды иеленді.