Ауданымызда өткен «Qurmangazy League 2024» I Лига футбол чемпионатында ПМК ауылының құрамасы жеңіске жетті.
Осы ретте, команданың жеңіске жетуіне бас бапкері Серік Зинуллин мен ресми өкілі Алтынбек Такешев және команда капитаны Еркінбек Әдебиетовтің еңбектері өте зор. Сонымен қатар, Қайыржан Қаршығаев «үздік сұрмерген», ал, Эдуард Зулфухаров «үздік ойыншы» атанды.
Айта кетерлігі, аталған құрама 13 команданың ішінен топ жарып, бас жүлдені қанжығаға байлап отыр.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ