Балғын боксшылар бәсекесі

(0 Votes)

Аудандық дене шынықтыру кешенінде еліміздің Әнұраны авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденовті еске алуға арналған бокстан 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында дәстүрлі республикалық турнир болып өтті.

Он бесінші рет ұйымдастырылып отырған балғын  боксшылар бәсекесіне әр жылдарда Галиб Жапаров, Ермахан Ибраимов, Аркадий Топаев сияқты елімізге танымал былғары қолғап шеберлері келіп турнирдің мәртебесін биіктетті. Биылғы жарысқа Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов қонақ ретінде қатынасуға ниетін білдірді.

Жарыста Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстаноблыстарының, Атырау қаласы мен аудандарының үкілеп қосқан 300-ге жуық  балғын боксшы бақ сынады. Бес күнге созылғын бокс бәсекесінде ауданның жас жеткіншектері өз тұрғыластарымен рингте шебер жұдырықтасып, жеңіске деген жігерлерін танытты. Санжар Мұрат пен Асылхан Нұрлыбек ақтық сында есе жіберсе, Олжас Бердиев, Рахман Талғат, Нұржігіт Аманжол, Бақытжан Ниғым үшінші орынға табан тіреді.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT