«Бала дауысы»

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық «Бала дауысы» ән байқауы өтті.

Оған ауылдық округтерден, мектептерден 35 үміткер қатысты. Ән байқауын Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Бекзат Ғапу мен Айнажан Қайыржанова жүргізді. Ән әлеміне енді ғана қанат қаққан жас өрендерге қуанышты сәттер сыйлап, бойындағы талантын паш етуге мүмкіндік беретін жұлдызды жобаның өнерпаздарын аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Әділбек Нұрғалиев, дәстүрлі әнші Толыбай Қажыгереев, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Ермек Айсын бағалады.

Байқау қорытындысында «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша «Дәулеткерей» балалар музыка мектебінің оқушылары ІІІ орынды Имамұрат Нариман, Демесінова Назерке, Асхатқызы Жанерке, ІІ орынды Қаһарман Сағида, І орынды Елжанова Ботагөз иеленді. Олардың барлығы да «Дәулеткерей» балалар музыка мектебінің оқушылары.

«Эстрадалық вокал» аталымы бойынша кіші топтан ІІІ орын Ғалымжанова Мәдина мен Серікова Аделя (Ломоносов о/м), Зиноллаева Айеркеге (Сафон а/о) бұйырса, ІІ, І орындарды Ғалымжан Аружан (Ақкөл а/о), Нұрбибі Алпысқызы (Сафон а/о), Сабур Ақылбек (Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі) еншіледі.Бас жүлдеге Дүйсенбай Наз (Абай о/м) қол жеткізді.

Үлкен топтан ІІІ орын Ғинаятов Мансур (Кудряшов а/о), Бақтығали Айтуған, Ғабитұлы Есенжанға (З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты) тиіссе, ІІ, І орындарға Ермешева Зерде (Үштаған ауылы), Бисенбай Наз (Манаев о/м), ағайынды Жанби, Айбибі Елемесовтер (Ломоносов о/м) лайықталды. Бас жүлдені Нұриддинов Мағжан (Еңбекші а/о) қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтармен ұлығыланды.

Мейрамгүл Галимова,

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT