Байда ауылдық округінде 2006-2009 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында бокстан ашық облыстық турнир өтті. Оған Маңғыстау облысы, Атырау қаласы, Жылыой, Мақат, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарынан барлығы 200-ге жуық спортшы қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев және Ауған соғысы ардагерлер қоғамы аудандық бірлестігінің төрағасы Серік Муфтахов сөз сөйлеп, балғын боксшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысымен Құрманғазы ауданының спортшылары шаршы алаңда ешкімге есе жібермей, жүлделі орындарды иемденді. Әр салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер бөлім атынан кубок, диплом, медальдармен марапатталды. «Үздік боксшы» аталымымен Әуезов орта мектебінің оқушысы Диас Қуанышқали марапатталды. Балғындарды жарысқа дайындаған БЖСМ-нің бокс жаттықтырушылары Уахитов Тұрарбек, Сапаралиев Нұрлан, Байдошев Есбол, Ким Андрей.
А.Шакупова.