Балалар жылына орай мектеп – интернатында «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндік науқаны аясында қамқорлық пен қолдауды қажет ететін әлеуметтік осал топ отбасының балаларына бос уақыттарында қызығушылықтарына қарай спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында арнайы жабдықталған кикбоксинг спорттық залы ашылды.
Интернат балаларына қайырымдылық жасап, кикбоксинг спорт залын дайындап, оқушылардың салауатты қадамын еркін жасауына мүмкіндік тудырған , әр балаға сенім ұялатқан жаны жомарт демеушілеріміз: Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ердешов Әдебиет Асылбекұлына ТОО «Ағатай строй сервис» басшысы Жаудин Ризабек Талғатұлына, кикбоксинг үйірмесінің жетекшісі Мұқашев Аслан Қайыржанұлына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз! Күні бүгін кикбоксинг үйірмесіне 24 оқушымыз қатысуда. Алдағы уақытта тәрбиеленушілеріміз жүлделі орындардан көрінетініне сеніміміз мол!
Гүлназ Қартжанова,
З. Серікқалиұлы атындағы мектеп – интернатының
әлеуметтік педагогы