Азия чемпионатына жолдама алды

(0 Votes)

Тараз қаласында 04-08 қазан аралығында екі дүркін олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы ҚР ЕССШ Болат Жұмаділовтің жүлдесіне арналған бокс спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирі және Азия чемпионатына іріктеуі өтті.

Бұл жарыста Құрманғазы аудандық балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшысы Амантай Мансур (70 кг салмақта) 1 орын иеленіп, Азия чемпионатына жолдама алды.

Сонымен қатар осы жарыста жас спортшымыз Амантай Мирас 67 кг салмақпен 3 орынды иеленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT