Азиада-2023: Елена Потапенко қазіргі бессайыстан Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

(0 Votes)
Фото: ТСМ

Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-ші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-ші орынға ие болды, бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестіктен орын алды. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі-1340 балл.

«Мен осыған дейін айтқанымдай, Азиадаға қатысудың бір мақсаты-Париж Олимпиадасына лицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгі нәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика