Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудан спортының, соның ішінде ұлттық спорт түрлерінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген спорт ардагері Дүйсенов Ерболат Сергейұлының 60 жас мерейтойына орай 2005-2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті.
Жарысқа Атырау қаласынан, Исатай ауданынан және ауданымыздың құрама командасы қатысты. Жарыс қорытындысымен: 26 кг салмақ дәрежесінде Нұролла Бейбарыс (Атырау), 29 кг салмақ дәрежесінде Ерболатов Диас (Құрманғазы), 32 кг салмақ дәрежесінде Сапар Еркебұлан (Атырау), 35 кг салмақ дәрежесінде Еркін Азамат (Атырау), 38 кг салмақ дәрежесінде Алдаберген Бекет (Атырау), 42 кг салмақ дәрежесінде Серікболатұлы Дамир (Исатай), 46 кг салмақ дәрежесінде Ғарифолла Фархад (Құрманғазы) , 50 кг салмақ дәрежесінде Ғарифолла Ертілек (Құрманғазы) , 55 кг салмақ дәрежесінде Уалижан Арсен (Исатай) , +55 кг салмақ дәрежесінде Робертұлы Бейбарыс (Құрманғазы) жеңімпаз атанды.
Жарыс жеңімпаздары медальдармен және дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар мен төрешілерге сыйлықтар табыс етілді.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі