Аяланның жеңісі

(0 Votes)

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында бокстан жастар арасында "Достық Кубогі" атты халықаралық турнир өтті.

Сайысқа еліміздің үздік деген жас былғары қолғап шеберлерімен қатар Ресей, Сербия, Тәжікстан және Өзбекстан құрама командалары қатысты. Атыраулықтардың еншісінде 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль. 64 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан құрманғазылық Аялан Құмарғалиев қарсыластарының барлығын ұтып, чемпион атанды. Балғын боксшыны жаттықтырушысы Есбол Байдошев дайындап алып барды.

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT