Аяқ добынан мерекелік турнир өтті

(0 Votes)

Аудандық денешынықтыру және спорт кешенінде «Атырау-Жарық» АҚ-ның 60 жылдығына орай аяқ добынан аудандық турнир ұйымдастырылды.

Оған «Атырау-Жарық» АҚ аудандық филиалы, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі, аудан әкімдігі, ардагерлер, төтенше жағдайлар бөлімі, шекарашылар, «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалы, аудандық полиция бөлімі, аудандық емханадан барлығы 9 команда қатысты.

Тартысты өткен ойында аудан әкімдігі, шекарашылар, ардагерлер, «Атырау-Жарық» АҚ командалары финалға шықты. Турнир қорытындысымен жақсы ойын көрсеткен командалардан І орынды аудан әкімдігі иеленді. ІІ орын шекарашыларға бұйырды. ІІІ орын ардагерлер командасының еншісінде. Шекарашылардан «Үздік қорғаушы» аталымын Мұрат Дошақаев алса, ардагерлер командасынан Бекжан Сайлауов «Үздік шабуылшы», Серікбай Мәдиев «Үздік қақпашы» атанды.

Қорытынды шарасына аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов, «Атырау-Жарық» АҚ аудандық электр желілері АҚ-ның директоры Игорь Абуғалиев қатысып, марапаттар табыс етті.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT