Ауыл командасы облыстық кіші аяқ доп жарысында жүлделі орынға ие болды

(0 Votes)

Мамыр айының 4-5 күндері Атырау қаласында кіші аяқ добынан облыстық “ATYRAU CUP 2025” турниры өтті. Жарысқа барлық аудандардан және Атырау қаласының командалары қатысып, өзара шеберліктерін сынады.

Құрманғазы ауданының намысын қорғаған Шортанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің кіші аяқ допшылары тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде III орын иеленіп, жүлделі орынға қол жеткізді.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Аяқ допшыларымыз бұл ойында барын салды, тәртіп пен ұйымшылдықтың арқасында жүлдеге іліктік. Бұл тек бастамасы деп ойлаймын. Болашақта ауыл атын одан әрі биіктетеміз!»— дейді ауыл командасының жаттықтырушысы Ищанов Бақытбек Ниғметоллаұлы.

Шортанбай БЖСМ құрамы: 

1. Марат Нұрмұхан 2014
2. Ғадилбек Айдар 2015
3. Карабалаев Алишер 2015
4. Амантай Елжан 2015
5. Хасанұлы Рауль 2015
6. Владимир Сүндет 2015
7. Қайратұлы Исмайл 2015
8. Амангелдіұлы Ансар 2015

Турнир қорытындысы бойынша Амантай Елжан “Үздік қорғаушы” атанды.

Команданың бұл жетістігі ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруға ынталандырады.

Жеңіске жеткен ауыл командасын шын жүректен құттықтаймыз!

Шортанбай ауылдық округ әкімі аппараты ММ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT