Құрманғазы ауданында 19 қазан — Құтқарушылар күні кәсіби мерекесіне орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және №7 Өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өтуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов сөз алып, құтқарушы мамандық иелерін атаулы мерекелерімен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Шағын футболдан жарысқа әр сала қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысып, бақ сынауда.
Атап айтқанда, Ардагерлер, аудандық №7 Өрт сөндіру бөлімі, аурухана, аудандық әкімшілік, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «Атырау-Жарық», «Ганюшкино» шекара бөлімі, Исатай аудандық №6 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінен құралған командалар.