Даумов Ғасырбек Ғилажұлының туғанына 75 жыл толуына орай еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа Атырау облысының 7 ауданынан және Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарынан 500-ге жуық палуандар қатысты.
Шортанбай балдар жасөспірімдер спорт мектебінің палуандарынан Абат Алихан 26 келі, Егінбай Әбілмансур 42 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Жаттықтырушысы Ахтамғалиев Асұлан. Ауыл спортын дамытып жүрген жаттықтырушыға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз, шәкірттеріңіз сенімді ақтап, еңбегіңіз еселене берсін! Әлемге танылған олимпиада чемпиондарын шығаруды нәсіп етсін!
Фазылов Нұрлыбек
Нұржау ауылы