Аудан өнерпаздары онлайн концерт өткізуде

(0 Votes)

«Қоғамда болып жатқан аты жаман індетті жеңіп шығайық!

Күніміз шуақты, еліміз қуатты болсын!» деген ізгі лебізін білдірген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Жиделі» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Талапқали Зайнуллин жерлестеріне арнап өзінің онлайн концертін өткізді. Қасиетті қара домбырасын қолына алған композитор ұлы сазгерлермен бірге, өзінің туындыларын да шабыттана орындады.

Қазақ халқы жусанын жел тербесе де, қурайына шымшық қонса да ән мен күй төгіліп қоя беретін ғажайып ерекшелігімен белгілі. Мыңдаған жылдар бойы ен даланы тербеп келе жатқан ұлттың осынау саф өнері ешқашан көмескі тартпақ емес. Оған халқымыздың өткенінің ұлағаты – куә, бүгінгі жасампаз болмысы – кепіл. Дәстүрлі ән өнерін шырқау шыңға шығарған дүлдүлдеріміз де баршылық. Қазіргі жас буынның арасында да атадан балаға мұра болып келе жатқан киелі өнерді жанына серік етіп жүргендер аз емес.

 

rptmrp

Ауданымызда өскелең ұрпаққа қазақы нақыштағы ән өнерін жеткізуде үнемі ізденімпаздығымен көзге түсіп жүрген дәстүрлі әншілердің бірі Нұрболат Исаевты айрықша атап өтуімізге болады. Кеше құрманғазылықтар С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған онлайн концертте Нұрболаттың өнерін тамашалады. Бүгін аймақтық, республикалық ән додаларының жеңімпазы Ермек Айсын тікелей эфирде өз өнерін көрсетуде. Сонымен қатар, алдағы күндері республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, жерлесіміз Ерболат Хайроллаев ұлттық аспабымыз домбырада күй күмбірлетсе, дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы, болашағынан зор үміт күттірген жас Толыбай Қажыгереев өзінің онлайн концертін өткізеді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521