Жуырда Ресей астанасы Мәскеуде Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының рухына арналған бокстан турнир өтті.
Оған 5 елдің спортшылары қатысты. Ресей, Әзірбайжан, Белоруссия , Абхазия және Қазақстанның балғын броксшылары өзара мықтыны анықтады. Еліміздің құрама командасында Астана, Алматы қаласы және Атырау облысының спортшылары болды. 100 - дің үстіндегі былғары қолғап шеберлерінің ішінен “Ең үздік” командалық бірінші орынды Атырау облысы жеңіп алды.
Қоржынымыз 5 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен толды. Турнирде Атырау облысы, Құрманғазы ауданының жас былғары қолғап шеберлері Амантай Мирас 70 келі салмақ дәрежесінде, Амантай Мансур 74 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды қанжығаларына байласа, Батырғали Шалқар 63 келі салмақта 2 орыннан көрінді.
"Үздік боксшы техникасы үшін" номинациясымен Амантай Мирас марапатталды. Осы жарысқа қолдау көрсеткен Атырау облысының атымтай жомарт кәсіпкері Сүлейменов Берген Сүйеуғалиұлын, "Тарген" ЖШС басшысы мәскеулік демеуші Дарын Көптілеуов, Атырау қаласындағы “Айша” сауда орталығына зор алғыс білдіріп, кәсіптеріне береке тілейміз.
Турнирді ұйымдастырушы Ресей еліндегі қазақ азаматы Исенгалиев Мерген ағамыздың тындырған ісіне разымыз. Спортшыларды жарысқа дайындаған Атырау облысының бапкерлері Тұрарбек Уахитов , Басаров Ринат , Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Торғаев Сәрсенбай және аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімі басшысының орынбасары Алмаз Мұқашев екенін атап өткіміз келеді.
Айнагүл Шакупова