Атыраулық спортшы әлем кубогының жеңімпазы атанды

(0 Votes)

Мейрамғали Санжар кикбоксингтен Әлем Кубогында жеңіске жетті.

Түркияның Стамбул қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогында Атырау облысының құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекеттен 2807 спортшы қатысты.

Жастар арасында Мейрамғали Санжар алтын жүлдеге ие болса, Шамболов Айбек пен Жеткеншек Асылжан күміс жүлделер еншіледі.

Ересектер арасында Төлеуғали Исламсанжар және Саматова Гульбану қола медаль жеңіп алды.

Айта кету керек, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды. Ал Түркия құрамасы жеңімпаз атанса, өзбекстандықтар үздік үштікті түйіндеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика