Атыраулықтар бүгін алдыңғы шепте

(0 Votes)

Волейболдан желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі қызу ойындарға толы өтуде.

– Қыздар арасындағы ойынға алғашқы қатысуымыз. Бүгін  алғашқы ойыннан-ақ қарсыласқа дес бермедік. Демек, бізде ілгерілеу бар. Соған қуаныштымыз, – дейді Ақтөбедегі NIS оқушысы Жанель Әділғазина. 

v

Ал, Атыраулықтар бүгін ерледі. Ұлдармен қатар, қыздар командасы да ешкімге есе жібермеді. – Биыл спартакиада мектебімізде өтіп жатыр, қарсылас топ – қонағымыз. Бәрін сыйлаймыз, құрметтейміз. Дегенмен, жеңіс тұғырына әділ ойын арқылы өзіміз жайғасқымыз келеді, – дейді Атыраудағы NIS оқушысы Ибрагим Жұбанов. 

v

Бүгінгі күн нәтижесі бойынша, Атыраудың ұлдар командасында – 5, Ақтаулықтарда – 4, ал Ақтөбе қаласының спортшы ұлдарында – 3 ұпай.

Ал, қыздар арасындағы тартыста Атырау мен Ақтөбелік қыздар тең ұпаймен көш бастап келе жатыр. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT