Атырауда самбодан Азия кубогі өтуде

(0 Votes)

Бүгін «Атырау» спорт кешенінде ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан ашық Азия Кубогінің ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Монғолия және Қазақстаннан 150-ге жуық спортшы қатысып жатқан турнир биыл өңірде алғашқы рет ұйымдастырылуда. Салтанатты іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев арнайы қатысып, спорт жанашырларын, аймақ тұрғындарын дүбірлі доданың ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

- ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған Азия кубогының салтанатты ашылуымен құттықтаймын! Дүбірлі додада бақ сынайтын барлық спортшы, Атырау өңіріне қош келдіңіздер. Барша спортшыларға тек жеңіс тілеймін! –Ал биылғы дәстүрлі доданың ерекшелігі – бұрын турнир ретінде өткізілетін болса, осы жылы Азия кубогы статусына жетіп отыр,- деді М.Мурзиев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында 1500 тұрғын самбо спортымен айналысады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521