Атырауда «Күй анасы Дина» атты оркестрлық концерт өтті

(0 Votes)

Ел Тәуелсіздігінің 30 және Д.Нұрпейісованың 160 жылдығына орай, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шарада «Күй анасы Дина» және «Жамбыл» атты қос туындының тұсауы кесілді. Туынды авторлары белгілі қоғам қайраткері Төлеген Қуанышев пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижан туындының жас ұрпаққа берер тәрбиесі зор екенін атап өтті.

«Күй анасы Дина» кітабында арнайы QR коды орналасқан. Бұл арқылы күйлерді тыңдауға болады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма Төрағасы-ректор Саламат Идрисов облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың атынан меймандарға «Алғыс хат» табыстады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521