Ғасырларға жалғасқан күй-құдірет

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада күй атасы Құрманғазының 195 жылдық мерейтойына арналған «Құрманғазы күйлері - ғасырларға жалғасқан» атты әдеби-сазды шара ұйымдастырылды.

Алдымен ақын Қ.Кенжеғалиқызының ұлы бабасына арнаған «Тағзым» атты өлеңін библиограф С.Қайырова оқыды. Ал «Дала дауылпазы» кітап көрмесіне кітапханашы Ж.Жасқайырқызы шолу жасап, бабамыз туралы ақын-жазушылардың қалам тербеген рухани қазыналарын назарға ұсынды. Шараны жүргізген кітапхананың сектор меңгерушісі Г.Өтепова ұлы күйшінің туған топырағы, балалық шағы, өскен ортасы жөнінде баяндай келе, оның шығармашылығына тоқталды. Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары Н.Бахова, Н.Қайырбекова, Н.Амангелді, А.Мүбараков, Қ.Шынайбекова Құрманғазы бабамыздың шығармаларын ұлттық аспапта күмбірлете ойнады.

Сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі Қ. Ахмедияровтың орындауында «Кішкентай» күйі бейнероликтен тыңдалды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Құмарғалиев елінің азаттығы үшін күресіп, тәуелсіздік алуына сол кездің өзінде бірден-бір себепкер болған тарихи тұлғаға деген шынайы құрмет ешқашан өшпейтінін айтты.

Шараны кітапхананың оқырмандар қамту бөлімінің меңгерушісі Л.Рахметова қорытындылап, белсенділік танытқан өнерлі балаларға Алғыс хаттар табыстады.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT