Асық ойнаған - "озар"

(0 Votes)

Жуырда Атырау қаласында өткен Асық ату мен Бес асықтан 2011 - 2013 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Атырау облысы чемпионаты өтті. Осы жарысқа ауданнан 6 спортшы қатысты.

Жарыс қортындысы бойынша:

Бес асықтан қыздар арасында:

І орынды иеленді: Ерболқызы Айкөркем (Бегалиев о/м оқушысы).

Қисар Кәуар (Бегалиев о/м оқушысы оқушысы).

Ғаділжанқызы Назым (Панфилов о/м оқушысы).

Асық атудан ұлдар арасында:

ІІ орынды иеленді: Сайпеден Азат (Нұржау о/м оқушысы).

Ұланбекұлы Айбек (Алтынсарин о/м оқушысы).

Есқабыл Абдуррахим (Бегалиев о/м оқушысы.)

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегелерге Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан диплом, және медальдармен марапатталды.

bes-asy-atu

Бес асықтан қыздар арасында Ерболқызы Айкөркем (Бегалиев о/м), Ғаділжанқызы Назым (Панфилов о/м) және асық атудан ұлдар арасында Ұланбекұлы Айбек (Алтынсарин о/м) оқушылары Көкшетау қаласында өтетін Республикалық жарысқа жолдама алды.

Осы оқушыларды дайындаған Нұржау, Панфилов, Бегалиев және Алтынсарин орта мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері олар: Шапихов Нұрдаулет, Тлепбергенова Асель, Хамитова Нұрша және Туленов Қинеш.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521