Жақында Ресейдің Астрахань қаласында кіші аяқ добынан Астрахань облыстық Думасының ұйымдастырумен ардагер футболшылар арасында халықаралық турнир өтті.
Бұл турнирде Ресейдің Дағыстан, Волгоград шаһарлары, Астрахань облысы аудандарының, Қазақстанның Атырау қаласымен қоса Құрманғазы ауданы, барлығы 8 команда қатысып, бақ сынасты. Айтып кетуіміз керек, көп жыл теңбіл допты ұршықша иіріп тебетін тәжірибелі командалардың қатысуымен өткен бұл турнир өте тартысты өтті.
Біздің футболшылар бұл турнирде абыройлы ойын өрнегін көрсетті деп толық айтуға болады. Ауданымыздың ардагер аяқдопшылары өз тобында екі ойында жеңіп, бір ойынды тең аяқтап финалға өтті. Финалдық алғашқы ойында Дағыстан Республикасының Махачқала қаласының тәжірибелі «Динамо» командасымен ойынның негізгі уақытын 0-0 есебімен тең аяқтады. Ардагер футболшыларымыз ойын аяғындағы пенальтиден ғана ұтылыс тауып, сегіз команда арасынан төртінші орынға табан тіреді.
Алмас Мукашев,
аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары