Асанда өткен турнир

(0 Votes)

Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының негізінде Азғыр өңірінің Асан ауылында «Діни экстремизмге қарсы күрес» тақырыбына арналған қол добынан (волейбол) үлкен турнир ұйымдастырылды.

Турнир өтетін жерге тақырыбы жазылған көрнекілік ілініпті. Шараны Асан ауылдық округінің бас маманы Мақсат Мырзағалиев ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Ұйымдастырушылар Нұрхат Ханафин, Нұрлан Саренов. Әнұранымыз ойналып, Туымыз көтеріліп, патриоттық әндер шырқалды.

Алты команда қатысқан ойын өте тартысты өтті. І орынды Балқұдық ауылы командасынан айқын басымдылық көрсеткен Асан ауылының каникулға келген студенттер командасы иеленді. ІІ-ІІІ орындар Балқұдық -1, Балқұдық-2 командаларына тиді. Көзге түсіп, шебер ойнай білген спортшыларға көрермендер разы болды. Олар Мұнай және газ институтының 1 курс студенті Ұланбек Ермеков, Х.Досмұхамедов атындағы университеттің физика-математика, заң факультетінің 1 курс студенттері Сәтжан Жоламанов, Нұрберген Қабдықасов, және Балқұдық ауылының тұрғыны Жеңісбек Бисенов.

Үлкен дәрежеде өткен турнирден жақсы әсер алдық. Діни экстремизм сияқты ортақ кеселге алдырмайтын өмірге құштар, мақсаты айқын, спортшы, білімді жастардың аз еместігіне көз жеткізді қол добынан өткен бұл турнир.

Дүйсенбай Өтешов,

спорт ардагері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT