Ардагерлер арасында футболдан жарыс өтті

(0 Votes)

Аудандық денешынықтыру кешенінде 1 шілде – халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай және шекаралық ынтымақтастық туралы меморандумның тармақтарын жүзеге асыру аясында кіші аяқдобынан облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.

Жарысқа көршілес Ресей елінен Алтынжардағы Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталығының және Астрахан облысы, Красный яр ауданының ардагерлер командалары, Атырау қаласынан «Болат», сондай-ақ, жергілікті сопрт ардагерлерінен құралған командалар қатысты. Тартысты өткен турнирдің қорытындысымен атыраулықтар бірінші, красныйярлықтар екінші, құрманғазылықтар(аудан) үшінші орындарды еншіледі. Алаңда шебер ойынымен көзге түскен Асхат Сағитжанов(«Болат»)  «Үздік ойыншы», Владимир Кузин(Красный яр) «Берік қақпашы» атанды.

Ерлан ЖҰМАРЫСТАНОВ,

аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT