Алматыдан ауданымыздың таэквондошылары жеңіспен оралды

(0 Votes)

27-29 ақпан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының спорт шеберлігін орындауға арналған «Champion» атты республикалық турнир өтті.

Оған еліміздің барлық өңірлерінен 1700-ден астам таэквондошылар қатысты. Біздің Атырау облысынан 70-ке жуық, соның ішінде Құрманғазы ауданынан 15 спортшы бақтарын сынады. Үш күнге созылған үлкен көлемде өткен турнирде жастар арасында 55кг салмакта Елеусинов Есбол 2 орын, балалар жас жеткиншектер арасында Нуриден Сезим 24кг 1 орын (Нуржау мектеби), Баймолда Нурасыл 33 кг 2 орын (Сарсенбаев мектеби), Нурланкызы Айару 24кг 3 орын (Абай мектеби), Надирхан Нурали 27кг 3 орын, Шайхиев Фархад 33кг 3 орын (Нұржау мектеби).

2232

Айта кетейік, бұл додаға спортшыларды дайындаған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаттықтырушысы Руслан Аманғалиевтің еңбегі зор. Жас жеңімпаздардың алар асуы әлі алда деп сенеміз.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521