Ақтөбеден бiрiншi орын алды

(0 Votes)

Соңғы кездері ауданымыздың жас спортшылары жеңiс тұғырынан жиі көрiнiп жүр.

Олардың әрбір жетicтiгi ортақ қуанышымыз, аудан мерейiнiң асқақтағаны. Бұл жолы жеңiс эстафетасын жас баскетболшыларымыз жалғастырды. Ақтөбе қаласында баскетболдан 2012-2013 жылғы қыздар арасында ашық біріншілік өтті.

Оған аталған облыстың аудандарынан, еліміздің өзге де өңiрлерiнен бiрнеше команда қатысып бақ сынады. Солардың ішінен суырылып шығып Құрманғазы ауданының командасы I орын иеленiп отыр. Төремұратов Асылмұрат жетекшiлiк ететін жас спортшыларымыз ерледi. Әрине, бiраз терледi. Cебебi мұндай сайыста жеңic оңайлықпен келмейді. Ат арытып барған еңбектерi босқа кетпей, сенiмдi ақтады. Жеңіс құтты болсын, жалғасын тапсын дейміз.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521