Қайсар жандар жарыс жолында

(0 Votes)

Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында шахмат, дойбы, нысана көздеу және жеңіл атлетикадан облыстық турнир өтті. Аталған жарысқа ауданымыздан 10-ға жуық спортшы қатысып, табысты оралды.

Жарыс қортындысымен төменде аталған спортшыларымыз жүлдегер болып қайтты. Шахматтан Медеуғалиев Құрманбай (Құрманғазы а/о) І орын, нысыана көздеуден Махаева Биғайша (Құрманғазы а/о) І орын, Усенова Парида (Құрманғазы а/о) ІІ орын иеленді. Жеңіл атлетика жарысында Төлегенов Нәжімеден (Мақаш а/о) І орынға, Қайыржанова Гүлбахыт (Теңіз а/о) ІІ орынға көтерілді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Атырау облысы әкімдігі «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен диплом, медаль және сыйлықтар табыстады.

img-20211221-wa0234

img-20211221-wa0178

А.МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521