Жуырда Орал қаласында республикалық ХІІ жазғы оқушылар гимназиадасы өтті.
Құрманғазы ауданындағы Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Айару, Амира Есенғұл және Елеусін Ерасыл командалық есепте жүлделі бірінші орынға ие болды. Бұл туралы біз облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатаровадан білдік.
Айта кету керек, апалы-сіңлілі ағайындар – осыған дейін де облыс намысын қорғап, үлкен жетістіктерге қол жеткізген чемпиондар. Бірінші сыныпты енді ғана тәмәмдаған Айару ел чемпионатында дойбыдан бірден үш медальды иеленіп, Қазақстан чемпионы атанған болатын. Ал, оның тоғыз жасар бауыры Амира Есенғұл дойбыдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы болып табылады.
Елеусін Ерасыл Қарағанды қаласында өткен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері болса, Айару мен Амира Ташкентте өткен Азия чемпионатының қатысушылары.
Әділет АМАНГЕЛДІ