Мектебімізде таэквондадан халықаралық турнирдің алтын медаль иегері 7-сынып оқушысы Бақытжанқызы Нұрайлымды салтанатты қабылдау шарасы өткізілді.
Спорт жұлдызына арналған шараға ата-анасы және білім бөлімінің маманы Е.Баяров, бапкері Р.Аманғалиев, мектеп директоры Ж.Әдебиетқызы, дене пәні мұғалімдері мен сыныптастары қатысты.
Шара барысында мектеп директоры алғаш сөз сөйлеп жеңіске ұмтылысы бар “аймағымның атын республикалық, халықаралық жарыстарда шығарып, елге жүлде сыйласаң” деген мақсаты бар батыр жүректі спортшылардың өсіп келе жатқаны қуантатындығы және болашақ олимпиада шыңын бағындыратынына сенімі мол екендігін атап өтті.
Тиісінше, Нұрайлымның ата-анасына да алғыс хат табыстады.