«Ақ бидай» ойындарының жеңімпазы

(0 Votes)

Әр халықтың мықтылығы мен тектілігін, мәдениеті мен мінез-құлқын танытатын ойындар болатыны белгілі.

Негізі қазақ халқында ел арасына кең тараған 200-ден астам ойындар бар екен. Оның көбінің қазіргі күні мүшкіл. Тіпті құрып кетудің алдында. Тек ішінде кейбірі ғана ұлттық спорт түріне айналып, дамып келеді. Ауыл спортын дамыту мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Ақ бидай» облыстық жарысына жұртшылықтың аса қызығушылығын тудыратын аталмыш ұлттық ойындар енгізілген.

bbc18497-92dd-405d-8080-cae85e79614c

Ауданымыздың спортшылары аймақта ұйымдастырылған спорттық жарыста осы сайыс түрлерінен бақтарын сынады. Ауыл спортшыларының байрақты бәсекесінің қорытындысында сайдың тасындай іріктелген кіл мықтылар яғни ауданымыздың командасы «Ақ бидай» ойындарының облыстық кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Мәселен, өздерінің керемет бабында екенін көрсеткен жерлестеріміз қолдары қарысқанша беріспей, тартысқа толы қол күресі жарысынан, бірнеше спорт түрін қамтыған президенттік көпсайыстан, кикбокстан жеңімпаз болса, волейбол, футбол ойындарынан ІІ орынды иемденді. Ал, құрманғазылық спортшылар ептілікті, қырағылықты қажет ететін асық ату, асық ойнау, теннис, қазақ күресі ойныдарынан ІІІ орынды қанағат тұтты. Волейбол, кір тасын көтеру, ой ұшқырлығын талап ететін тоғызқұмалақтан 4 орын алды. Дүбірлі доданың қорытындысымен құрманғазылық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT