60 жастағы исатайлық тұрғын коронавирустан емделіп шықты

(0 Votes)

Фария Батырбаева модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 2 айдан астам уақыт ем қабылдаған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Науқастың жансақтау бөліміне түскен кездегі жағдайы өте ауыр, сатурациясы (қан құрамындағы оттегі ) өте төмен еді. Оған қоса демікпе пайда болды. Кезекші инфекционист және реаниматолог мамандардың бақылауында болып, науқастың хал-жағдайы мен денсаулығы ескеріліп, толығымен тиісті ем-шаралары көрсетілді. 1 ай жансақтау бөлімінде ем қабылдағаннан кейін, жағдайы жақсарып палатаға ауыстырылды, - деді резидент-реаниматолог Дархан Жақсылық.

Емдеуші дәрігерінің айтуынша, 15 қыркүйек күні  Фария Батырбаева ауруханадан үйіне шығарылды. Жағдайы жақсы. Науқастың жағдайы участкелік дәрігердің бақылауында болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521