Жолдауды толық қолдаймын

(0 Votes)

Әлемді әлекке салған пандемия - мемлекет, қоғам, адамзат, тіршілік жайлы ойларды сапырылыстырып жіберді.

Басты құндылықты бағамдау қиын болды. Ел есеңгіреп тұрғанда Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын тыңдай отырып дер кезінде айтылған мемлекеттік ой, пікір, ұсыныстарға сусындадық. Ең бастысы Президентіміз алда мемлекет, қоғам, әрбір Қазақстандық не істеуі керектігі туралы, басты мәселелер жайлы анық тапсырмалар берді.

Мемлекетіміздің басқару жүйесінің стратегиясын айқындап, талдап, сараптап отыратын жүйе қажеттілігі айтылды. Бұл мемлекетті монобасқару емес халықтық, демократиялық, ғаламдық ағым үрдісінде болуға мүмкіндік тууда. Сонымен қатар халықтың әл – ауқатын көтеру, еңбекпен қамту, үй - баспанамен қамтамасыз ету, жемқорлықпен күресу, электронды қарым – қатынасты арттыру жолдары нақтыланды. Ауыл шаруашылықты субсидияландыру, өнеркәсіпті жан – жақты дамыту жолдарын белгілеп, көлеңкелі бизнестің және кредит алудың құйтырқы жолдарын ауыздықтау керектігі туралы Үкіметке тапсырмалар берді. Президентіміздің Жолдауы халықта үлкен рухани серпіліс тудырды.

А.Қабылбекова,

Түркістан облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ – і жанындағы Сайрам аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521