Жолдарымыз жөнделсе – ел игілігі артады

(0 Votes)

Президентіміз өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің қазіргі кезеңдегі дамуының басты бағыттарын жеке-жеке атап көрсеткен. Одан туындайтын міндеттерді, тапсырмаларды жүзеге асыру баршамыздың ортақ ісіміз.

Маңызды құжатта Қасым-Жомарт Кемелұлы «Нұрлы жол» бағдарламасының бірінші кезеңі табысты жүзеге асырылғанына тоқталып, екінші кезеңі еліміздің көлік-транзит секторының жетекші рөлін бекемдеуге арналуы керектігін айтқан болатын. Сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тың инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып, 2025 жыл¬ға дейін 24 мың шақырым, яғни республикалық маңызы бар жолдардың бәрін қайта жөндеп, оның бойында қызмет көрсетуді ұйымдастыру қажеттігін алға тартып отыр.

Жолдаудың осы бағыты бойынша ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталсақ, «Бірлік ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолының құрылыс жұмыстары» 812,7 млн. теңге құрайды. Өткен жылы бөлінген 450,0 млн.теңге қаражатқа ауылішілік жолдарды қырып-тегістеу, автомобиль және жаяу жүргінші жолдары табанының негізін салу жұмыстары жүргізілді. Жалпы қайта жаңғыртудан өткізілетін жолдың ұзындығы – 10, тротуардың ұзындығы – 1 шақырым. 2020 жылға 200,0 млн.теңге қаржы қаралып, күні бүгін 15,0 млн. теңгесі игеріліп, жұмыстар жалғасуда. «Сафон ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолының құрылыс жұмыстарына» 761,0 млн. теңге бөлініп, 2019 жылы 450,0 млн. теңге қаражатқа ауылішілік жолдарды қырып, тегістеу автомобиль және жаяу жүргінші жолдары табанының негізін салу сияқты жұмыстар жасалды. Қайта жаңғыртудан өткізілетін бұл жолдың ұзындығы – 9 шақырым, тротуар - 7 шақырым болып отыр. 2020 жылға 200,0 млн.теңге қаржы қаралып, 15,0 млн. теңге қаржысы игеріліп, жұмыстар жалғасын табуда. Үшеуінде де мердігер мекеме «Бекет Сәт Жол» ЖШС.

«Теңіз ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолының құрылыс жұмыстары» 821,4 млн. теңге. 2019 жылға бөлінген 740,0 млн. теңге қаражатқа жұмыстарын мердігер мекеме «Атырау көлік» ЖШС-гі жүргізуде. Мұндағы қайта жаңғыртудан өткізілген жолдың ұзындығы – 8, тротуар – 3 шақырым. Теңіз ауылының ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы осы жылы аяқталады.«Котяевка ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолының құрылыс жұмыстары» 426,1 млн. теңгені құрайды, құрылысы осы жылы аяқталады деп күтілуде. Қайта жаңғыртудан өткізілген автомобиль жолының ұзындығы – 4, тротуар – 1,5 шақырым. Мердігер мекеме «Атырау көлік» ЖШС.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Нұржау ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғыртуға биылғы жылы республикалық бюджеттен 586,9 млн теңге және жергілікті бюджеттен 100,0 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған ауылдағы қайта жаңғыртудан өтетін жолдың ұзындығы 10, тротуар – 3 шақырым. Аудандық маңызы бар «Ақкөл – Ғ.Әліпов – Жыланды – 4разъезд – Қиғаш» автомобиль жолын қайта жаңғыртуға биылғы жылы республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге қаржы бөлінген еді. Жолдың ұзындығы 45 шақырым. Екеуінде де қазіргі таңда мердігер мекеме болып «Атырау Жолдары» ЖШС анықталып, келісімшарт жасалып, күні бүгін жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жолдауда атап көрсетілген, 2025 жыл¬ға дейін 24 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдардың бәрін қайта жөндеу ел дамуына тың серпін береді. Аудан көлемінде де салынып, қайта жаңғыртылып жатқан жолдардың бәрі аяқталғанда оның бойында қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандарының да қатары артып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Жастілек Хасанов,

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521