Жастарды ел ісіне баулу – маңызды мәселе

(0 Votes)

«Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. 

Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет. Иә жастар – жарқын болашақтың бастауы. Бүгінгі жастар үшін атқарылып жатқан игі істер мен сарабдал саясаттың негізгі мақсаты – болашақтың кемел болуы үшін жасалған дүниелер.

Әрбір жасалып жатқан істің артында үлкен аманат бар. Себебі ел ертеңі жас¬тар болғандықтан, олардың қазіргі хал-ахуалы, тәлім-тәрбиесі, алып жатқан білімі – бәрімізге маңызды болуы тиіс. Елдің айнасы – жастар. Болашақтың іргетасын қалау мақсатында игі шаралар атқарылуда, белсенді жастар Парламенттің, мәслихаттың депутаттары болып сайланды. Ендігі кезек, жастардың өздеріне артылған жауапкершілікке тиянақты болып, берілген мүмкіндікті пайдаланып, елдің мүддесі үшін қызмет етіп, көшбасшы болуға атсалысуында.

Қайыржан Сидәлиев,

Абай атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі, жас маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT