Жастар мен нәзік жандыларға берілген үлкен мүмкіндік

(0 Votes)

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Парламент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Жалпыхалықтық дауыс беру конституциялық мерзімге сәйкес келесі жылдың 10 қаңтарында өтетіндігінен хабардар болып жатырмыз. Сайлау біздің отандастарымыз үшін саяси маңызды науқан екені баршамызға белгілі. Бұл қадам еліміздегі барлық саяси партиялардың өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан, алдағы сайлау елдегі демократияны күшейтуге, мемлекетіміздің өркендеуіне жаңаша леп береді деп ойлаймыз. Президентіміз өз үндеуінде атап өткендей, жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды. Соның бірі, партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізу мәселесіне қатысты болып отыр.

- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл елімізде гендерлік саясат пен жастарды қолдаудың бірден-бір тетігі және оларға берілген үлкен мүмкіндік екенін түсініп отырмыз. Сондықтан, осы маңызды саяси қадамда аталмыш топтың өкілдері мейлінше белсенділік танытады деген ойдамыз.

Болат Жүгінісов,

аудандық мәслихат хатшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521