Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан «Жаңа Қазақстанды» құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады.
Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделгені белгілі. Жастар үшін ең бастысы – білім. Себебі білімді азамат өзін еркін сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды және қай бағытта қозғалу керек екенін біледі. Әрбір жас қазақстандық осыған ұмтылуы тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде де жастар мәселесін қозғады. «Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті», - деді Президент.
Билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатырғанын айтқан Қ.Тоқаев жастар үшін елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалады. Сонымен бірге, Ел Президенті «Әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалғанын назарға берді. Саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат Парламентке мүше бола алатынын және «әлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартқанын, мұны әділетті қоғамның қалыптасуының маңызды бөлшегі ретінде қарастыруды қажет деп тапты.
Бұл сайлау үміткерлерге қойылатын талап өзгергенін көрсетіп, әр деңгейдегі депутаттардың сайлаушыларымен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды екенін байқатты. Соған сай халық өздерінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын депутаттарды таңдады.
Дархан МҰРАТОВА,
аудандық жастар ресурстық орталығының басмаманы