Жастарға берілген зор мүмкіндік

(0 Votes)

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойып, Үндеуін жариялады.

Мемлекет басшысы алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтінін айтты.

Биылғы жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына бірқатар толықтырулар енгізілді. Мәселен, келесі мәслихат депутаттарын сайлау ерекше болады. Өйткені, депутаттар партия ұсынған тізім бойынша сайланады. Осыған орай аудандарда, облыстарда, қалаларда сайлау өткізудің маңызы арта түспек. Бұған қоса, партия тізімін ұсынған кезде ондағы әйелдер мен 29 жасқа толмаған жастардың үлесі 30 пайыздан кем болмауы тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізетінін жеткізді.

Мемлекет басшысының сөзіне сүйенсек, жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданбақ. Қазіргі күрделі ахуал кезеңінде дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау, орнықты экономикалық дамуды және азаматтарымыздың әлеуметтік игілігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру – өте жауапты міндет екені айтпаса да түсінікті. Ел Президенті Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын бірлігімен жаңа тарихи миссиясын лайықты атқаратынына сенімін білдірді. Сондай-ақ Мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырды. Мен де Отандастарыма зор сенім үрдісінен шығып, еліміздің кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне көтерілуі жолында жұдырықтай жұмылайық дегім келеді.

Ернар Боранғалиев

аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521