Жас жұбайлар дауыс берді

(0 Votes)

Өмір айдынында қос аққудай бірге жүзуді мақсат тұтқан жас жұбайлар – Орлы ауылдық округінің тұрғыны Болатбек Қайсағалиев пен Анаргүл Бегалиева бүгін шаңырақ көтеріп жатыр.

Күн шуағы төгілген көктемде өзгелерден ерекшеленіп бой түзеген бәйшешектей дараланып, отбасылық үлкен өмірге қадам басқан күндерін сайлау науқанымен байланыстырыпты. Бұл жақсы нышан. Жүздері балбұл жайнап, жүректеріне мөлдір махаббат пен ертеңге деген үлкен сенім ұялаған олар №176 сайлау учаскесіне нық қадам басты. Учаскелік комиссия төрағасы Ерболат Сұлтанов жас жұбайларды жылы қарсылады. Екі жас мұраттарына апарар Қазақстан атты кемеде бірге келе жатқандықтан Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттарына түсіп жатқан депутаттарға дауыстарын берді. Кімге дауыс берсек те бір-бірімізді осылай құрметтейік, өмірде жұбымыз жазылмасын, әрдайым таңдауымыз бір жерден шықсын дегенді істерімен білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT