Сайлау- еліміздің әрбір азаматы үшін маңызы және жауапты сәт.
Осыған дейін еліміздің көптеген тарихи маңызды оқиғаларының куәсі болып келе жатырмын. Депутаттардың кезектен тыс сайлауы бұл жолы ерекше түрде өткізіліп отыр. Осы жолы нақты нәтижеге жететініміз анық. Ең бастысы, әркімнің жеңісі әділ болғанына және бұл жаңа жетістіктерге бастама беретініне сенімдімін. Яғни, айналып келгенде бұл сайлау еліміздің болашағын нығайтуға, Тәуелсіздігін күшейтуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін сайлау болды деп ойлаймыз. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, белсенді азаматтық ұстанымы бар адам және өз елімнің патриоты ретінде сайлауға қатысып, еліміздің болашағы үшін дауыс бердім.
Әжептәуір жаңалықтары бар бұл сайлау демократияның келесі асуының көрінісі ретінде тарихымызға жазылып қалар деп үміттенеміз.
Бақтылы Махмудова,
жеке кәсіпкер