Жаңа Қазақстанды жастар құрайды

(0 Votes)

Елімізде жүріп жатқан саяси реформалардың жалғасы саналатын 20 наурызда өткен сайлаудың басты ерекшелігі - депутаттардың аралас жүйе бойынша таңдалуы дер едім.

Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша сайланса, қалған 30 пайызы бір мандаттық округтерден мажоритарлық жүйемен саяси додаға түсіп, өз бақтарын сынады. Қазақстан Республикасының әр азаматы жоғары заң шығарушы орган қатарына ешбір партияға мүше болмаса да өтуіне мүмкіндік алды. Ал, облыстық мәслихат депутаттыққа үміткерлер аралас жүйемен, яғни жартысы партиялық тізіммен, қалған жартысы бір мандаттық округтерден өтті. Аудандық мәслихат құрамына кіргісі келгендер тек бір мандаттық округтерден сайланды. Өткен сайлаудың жаңашылдығы деп отырғаным осы. Сонымен бірге, тағы бір өзгешелік депутаттық мандатқа ие болуға ниет еткендердің қатарынан жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың да табылуы еді. Аталған додаға мен де Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттығына №7 сайлау округі бойынша үміткер ретінде тіркеліп, додаға түстім. Сайлауалды бағдарламамның басым бөлігі осы жастар мәселесіне арналды. Өйткені жастар жаңа Қазақстанның жарқын болашағы.

Сондықтан олардың еліміздің саяси өміріне белсене араласып, жаңа қоғамды құрудағы орыны ерекше болуы тиіс деген ойдамын.

Әнуарбек СӘБИТОВ,

аудандық мәслихат депутаттығына үміткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT