Жаңа толқын, жаңа лек келеді

(0 Votes)

Алдымызда тағы да үлкен науқан, сындарлы белес тұр.

Енді санаулы күндерден кейін Қазақстан Республикасы Парлменті Мәжілісі депутаттарының сайлауы басталады. Тағы да таңдау жасаймыз. Өз мерзімінде өткелі отырған бұл сайлауға 6 партия қатысатынын ақпарат көздерінен оқыдық. Біз бұған дейінгі жылдарда да таңдау жасауда қателескен жоқпыз. Халық қалаулыларымен бірқатар жаңа заңдар қабылданып, бұрынғыларына өзгерістер енгізілді. Президентімізді қазақты биікке шығарар қыранға баласақ Парламент пен Үкімет екі қанаты. Екеуі де жақсы болса даму көгіне қалықтаймыз. Нарықтың ала дауылын, дағдарыстың қандай қара бұлтын да жарып өтеміз. Осыған дейін дәл осылай болып келді. Алға қарай да солай жалғаса беретініне сенімдіміз.

Қазақта «Бес саусақ бірдей емес», деген сөз бар. Сайланып алып, берген уәделерін ұмытып, өз сайлаушыларын келесі науқанға дейін көрмейтіндердің бізге керегі қанша?! Сол сияқты депутаттардың арасында олардың санын көбейтіп текке жүргендер де жоқ емес. Кезінде үйіп-төгіп уәде берді, енді оны іске асыруға келгенде тайғанақтайды. Бізге ондайлар емес, сөзінде тұратын, елдің мүддесін қарақан басынан жоғары қоятын, халық үшін жанын сала қызметтенетін адамдар қажет. Күні кеше праймеризде жарқын болашаққа сенім артып, депутат болсам осындай жұмыстарды атқарамын деп жалындап тұрған жастарды көрдік. Қанша мәрте сайланса да сайлай бергіміз келетін адамдар да жоқ емес. Себебі, қалай жұмыс жасап жүргеніне куәміз. Олармен әдеби тілмен айтсақ, «барлауға бірге баруға болады». Жылы жүзді, жомарт жанды, күні түсіп келген адамға көмек қолын созуға әзір, туған ауылының, сайлаушыларының аманаттарын үнемі көтеріп, шешімін табуға жұмыстанады да жүреді. Міне, осындай адамдарды таңдауымыз қажет деп санаймын.

Мемлекет басшысы да биыл «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізгенде елге жаңа леп, дамуымызға тосын серпін әкелетін адамдар тасада қалмай көрінсін деген ниетте болғаны анық. Дұрыс таңдау жасай білсек, жаңа толқын, жаңа лек келеді.

Гауһар Болатбаева,

жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521