Заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылады

(0 Votes)

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында өзінің кезекті халыққа Жолдауын жариялады.

Бұл жолы бұрынғыдан да маңызды әрі күрделі мақсаттар мен міндеттер белгіленді. Президент Жолдауын мұғалімдердің жалақысы екі жарым жылда екі есеге өскені, дәрігерлердікі орташа жалақыдан асып түскені, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілгені, миллионға жуық азаматтың баспаналы болғаны, заңсыз берілген 8 гектар жердің мемлекетке қайтарылғаны, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайтыны және «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 400-ге жуық мектеп, 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынатыны секілді жарқын жаңалықтардан бастады. Бұл жасалған жұмыстардың тек бір бөлігі ғана. Шын мәнінде біраз батыл жобалар жүзеге асты. Әділет пен заң үстемідігін орнату жұмыстары жалғасуда. Оған қарапайым азаматтардың қатысу үлесі де артып жатыр.

– Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті. Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады, - деді Мемлекет басшысы. Қалай болғанда да, алда атқарылар іс әлі де көп екені айпаса да түсінікті. Өйткені, әлемдегі геосаяси ахуал ушығып тұр. Осы орайда, Қасым-Жомарт Кемелұлы ел экономикасын еселеу жұмысы бір сәтке де тоқтамау тиіс екенін айрықша атап өтті.

Нұрлан МҰРАТОВ,

Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман-есепшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521