Еңбекші ауылдық округіндегі 168 референдум учаскесінде 2348 дауыс беруші бар.
Оның 132-і вахталық әдіспен еңбек ететін азаматтар. "Төбеарал Ойл", "Әскер мұнай ", "Каспий құбыр консорциумы" мұнай кен орындарына аталмыш учаскенің мүшелері тасымалдау жәшігімен барған болатын. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын еңбеккерлерге барлық жағдай жасалып, олар өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды.