Туризм де табыс көзі

(0 Votes)

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жасады. Онда ел экономикасын нығайтуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті.

Соның ішінде туризм саласын дамытудағы кемшін тұстарға тоқталғаны көңіліме қонымды болды. Өйткені, тарам-тарам өзені, балық – байлығы, әлемде сирек кездесетін тұңғиық гүл алқабы бар ауданымыз отандық туризмге сұранып тұрған өлке екені көптен бері айтылуда. Бұл бағытта жұмыстар да атқарылып келеді, бірақ ол аздық ететіні де түсінікті. Бұл келеңсіздіктер Президент назарынан да тыс қалмай, елімізде туризм саласын дамыту кенжелеу қалып келе жатқанын қадап айтқаны қуантты. «Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді. Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн», – деген Мемлекет басшысы бұл бағытта нәтижелі жұмыс қажеттігіне тоқталды.

Біздің ауданымыз туризмді дамытуға өте қолайлы аймақ. Оны дұрыс жолға қою тек табыс алып келу ғана емес, инфраструктураның да жақсаруына зор мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде осы аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайының түзелуіне оң әсерін тигізері сөзсіз.

Қайыржан Бауыржанұлы,

Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT